Өзбекстан
Өзбекстан –жылына 300 күн бойы күннің жарқырап тұратын, жылы және қонақжай өлке.
Табиғат бұл өңірде таңғаларлық әр түрлі ландшафттарға бай.
Қызылқұм шөлінің ыстық құмдары, Тянь-Шань тауларының салқыны, мөлдір көлдер, тіршіліксіз далалар және жасыл оазистер – бұның бәрі Өзбекстанда орналасқан.
Бұл мекеннен бір кездері Ұлы Жібек жолының мыңдаған бай керуендері өткен, олар Шығыс елдерін және Жерорта теңізін Үндістан мен Қытаймен байланыстырған. Керуен жолдарының тіршілік күре жолдарының бойында жаңа қалалар гүлденіп, ұлттық асхана шет елдерден келген ең жақсы тағамдардың құрамын қабылдап, ақырында біз жақсы білетін және жақсы көретін атақты өзбек асханасына айналды.
Бүгінде Өзбекстан – тамаша сервисі және дамыған туристік инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы демократиялық республика. Мұнда – бес жұлдызды отельдердегі бірінші класты жайлылықтан бастап, бутик-отельдердегі үйдегідей жайлылыққа дейін, ежелгі қалаларға экскурсиялық турдан бастап, джиптермен қызықты оқиға немесе тауға жаяу серуендеуге дейін әркім өз қалтасына сай демалысын жасай алады.

Сіздерді қонақжай Азия елінде күтеміз!

Орналасуы
Өзбекстан Орталық Азияның жүрегінде, Сырдария және Әмудария өзендері арасында орналасқан. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Түрікменстанмен шектеседі. Елдің үштен екі бөлігін дала мен шөлдер құрайды, қалған бөлігі – таулар, аңғарлар және оазистер.

Жер көлемі
Өзбекстанның жер көлемі 447 900 шаршы км. Өзбекстан құрамына Қарақалпақстан Республикасы кіреді, ол Өзбекстан аумағының шамамен 37%-ын алады. Елдің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы 930 км, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1425 км.

Халқы
33,5 миллион адам.

Астанасы
Ташкент қаласы, халқы 2,4 миллионнан асады.

Мемлекеттік тілі
Өзбек тілі. Халықтың шамамен 80%-ы әртүрлі деңгейде орыс тілін біледі.

Ақша бірлігі
Өзбек сумы. Елде шетел валютасын ағымдағы бағам бойынша айырбастауға болатын айырбастау пункттері бар.

Діндер
Исламның сунниттік бағытын 88% халық ұстанады, христиандықты 9%, басқа діндерді 3%. Жалпы халық төзімділік пен өзара құрметпен өмір сүреді.

Уақыт
GMT + 5 сағат. Ташкент уақыты Алматы уақытымен бірдей.


Виза, құжаттар және қауіпсіздік
Өзбекстанға кіру үшін шетелдік паспорт қажет. Көптеген елдермен визасыз режим бар. Өзбекстанға виза алу үшін қажетті құжаттар сіздің азаматтығыңызға байланысты өзгеруі мүмкін.
Өзбекстанға келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уақытша тіркеу қажет. Егер сіз қонақ үйде тұрсаңыз, тіркеуді қонақ үй қызметкерлері жасайды, ал таныстарыңызда тұрсаңыз – тіркеуді өзіңіз жергілікті Виза және тіркеу бөлімінде жасайсыз. Уақытша тіркеуді елден кеткенше сақтаңыз – паспорттық бақылау қызметкерлері елден шығу кезінде оның бар-жоғын тексереді.
Егер сіз баламен саяхаттап жүрсеңіз, баланың шетелдік паспорты немесе баланың мәліметтері бар ата-ананың паспорты қажет (14 жасқа дейін). 16 жасқа дейінгі балалар әуежайда кіріс кеден декларациясын толтырудан босатылады және Өзбекстанда уақытша тіркеу рәсімделмейді.
Жеке заттарыңызды (әуежайда, вокзалда, басқа да көп адам жүретін жерлерде) қараусыз қалдырмаңыз. Қонақ үйде сейф болмаса, құжаттарды, бағалы заттарды, банк карталарын және ақшаны өзіңізде сақтаңыз.
Елдегі халықтың, шетелдіктер мен әртүрлі діни конфессиялардың өкілдеріне деген қарым-қатынасы толерантты, қонақжай және жылы. Қалаларда халық зайырлы өмір сүреді, ал ауылдық жерлерде мұсылмандық дәстүрлер көбірек байқалады.
Саяхатқа дейін арнайы екпелер қажет емес. Медициналық сақтандыруды елге кірмей тұрып рәсімдеу керек.

Өзбекстанның кедендік ережелері
Егер әкелінген қаражат 2000 USD немесе басқа валютамен эквивалентінен аспаса және арнайы декларацияланатын заттар болмаса, «жасыл дәлізді» пайдалана аласыз; бұл жағдайда кеден декларациясын толтыру қажет емес. Егер әкелінген қаражат мөлшері көп болса, кеден декларациясын (2 дана) толтырып, оны сапардың соңына дейін сақтау қажет.
Шетел валютасын елден шығару кеден декларациясымен сәйкес әкелінген сомада рұқсат етіледі.
Егер денсаулық жағдайы дәрі-дәрмек қабылдауды талап етсе, Өзбекстанда қажетті дәрілерді сатып алу мүмкіндігі туралы туроператорларыңызбен алдын ала кеңесіңіз. Дәрі-дәрмек сатып алу мәселесінде әдетте қиындық туындамайды, өйткені дәріханалар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Өзіңізбен бірге 10 түрлі дәрі-дәрмек және олардың әрқайсысынан 5 орамадан артық алып келуге рұқсат етіледі.
Қателіктердің алдын алу үшін Өзбекстан Республикасына жеке пайдалану үшін дәрі-дәрмектерді әкелу тәртібімен танысуға кеңес береміз.

Өзбекстанның валютасы
Өзбекстанның ұлттық валютасы – өзбек сумы (UZS).
Айналымда 1 000, 2 000, 5 000, 10 000, 20 000, 50 000 және 100 000 сум номиналындағы банкноттар бар. Барлық банкноттардың өлшемдері бірдей, бірақ түстері әр түрлі. Банкноттарда Өзбекстанның мәдениет және өнер ескерткіштері бейнеленген.
Валютаны банктерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі қонақ үйлерде айырбастауға болады. Банкноттарда бүктемелер, зақымданулар немесе бүгілулер болмауы керек, әйтпесе оларды айырбастау қиын болады.
Жаңа ережелер бойынша шетел валютасын паспортсыз айырбастауға болады (9000 USD мөлшеріне дейін). Кеден декларациясы жоқ болған жағдайда, тек жұмсалатын соманы айырбастау қажет. Артық қалған жергілікті валютаны кеден декларациясынсыз айырбастау мүмкін емес.
Шетел валютасын резидент емес тұлғалардан сатып алу кезінде паспорт пен шетел валютасының елге әкелінгенін растайтын кеден декларациясы негізінде 09002 нысанындағы алғашқы анықтама беріледі. Бұл анықтама жергілікті валютаның қалдық сомасын шетел валютасына айырбастау негізі болып табылады. Операция суммасы кеден декларациясында көрсетілген валютаның көлемін аспауы керек.
Валютаны жеке тұлғалардан айырбастау заңмен жазаланады.
Master Card және Visa кредиттік карталарымен Өзбекстанда негізінен тек астанада пайдалануға болады, сондықтан қолда жеткілікті мөлшерде ақша болуын алдын ала қамтамасыз етіңіз.

Өзбекстанда қалай киініп жүру
Киімге қатысты қатаң ережелер жоқ. Маусымға сәйкес ыңғайлы киім таңдаңыз,бірақ табиғи маталардан жасалғаны жақсы. Жазда ерлер мен әйелдерге футболкалар мен кең шалбарлар ыңғайлы; күннен қорғайтын көзілдірік, жеңіл бас киім және күннен қорғайтын кремді өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Экскурсиялық турлар ұзақ жаяу жүруді талап етуіне байланысты аяқ киім ыңғайлы және төзімді болуы керек, берік табанымен және жоғары өкшесіз болуы тиіс.
Көктем мен күзде жел өтпейтін күрте, пиджак және жұқа свитер алып жүру керек. Қыста температура -3-8°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Таулар мен шөлдердегі ауа райы қалалардағы ауа райынан айтарлықтай өзгеше. Егер шөлдер мен таулы жерлерге баруды жоспарласаңыз, сәйкес киімдеріңіз болуы керек.
Діни ғибадат ететін орындарды аралағанда, бас пен иықты жабатын шарф немесе орамал алып жүру қажет. Өзбекстанда намаз оқу орындарына кіргенде аяқ киімді шешу керек.
Көзге түсетін киімдер мен тым ашық әшекейлерден аулақ болыңыз.

Өзбек асханасы
Өзбек ұлттық асханасы өте бай және әр түрлі: палаудың ондаған түрлері, манты, самса, шашлыктар, лагман, ханум, мампар, шығыс тәттілері және басқа да өзбек тағамдарын елдің кез келген кафе немесе мейрамханада дәмін тату мүмкін. Ас мәзірінде ет (қой еті, сиыр еті), тауық және балық басым. Өзбек асханасының ең танымал тағамдары:
Краннан су ішуге болмайды. Асқазан-ішек жолдарында ауырсынуларыңыз болатын болса, жергілікті тағамдарды сақтықпен жеңіз. Өзбек тағамдары өте дәмді, бірақ майлы. Астан кейін ыстық шай ішу ұсынамыз. Егер денсаулық жағдайыңыз арнайы тамақтануды талап етсе, бізге алдын ала хабарласыңыз.
Өзбек асханасы өте калориялы болып көрінсе, еуропалық, вегетариандық, орыс, қытай, жапон және басқа да әлем тағамдары ұсынатын мейрамханалар бар.
Өзбекстанда болғанда шығыс базарларын міндетті түрде аралаңыз, онда дәмді, экологиялық таза жемістер мен көкөністер, сондай-ақ ерекше шығыс тәттілері мен кептірілген жемістерді сатып алуға болады.
Алкогольді ішімдіктерге қатысты қатаң шектеулер жоқ. Алкогольді мамандандырылған дүкендерде немесе кафе мен мейрамханаларда сатып алуға болады. Көше мен қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішуге болмайды.
Қонақжайлық – бұл жақта адамның қанында бар, сол себепті ұсынылған шәй немесе наннан бас тартуға болмайды.

Өзбекстанда шәйпұл беру
Өзбекстанда шәйпұл беру жақсы қабылданады, әдетте олар 5-10% құрайды. Қызмет көрсету персоналдарына алғыс білдіру ретінде кішігірім сыйлық ұсыну орынды болады.
Сондықтан, егер сізге мейрамханада қалай қызмет көрсеткені, сізді бір қаладан екінші қалаға қалай апарғаны, экскурсия жасағаны, қалай аударғаны, араларыңыздағы шекараны жақындатқаны немесе қалай көмектескені ұнаса, кез келген сұрақтар мен мәселелерді шешуге дайын болса және ұмтылса, онда сіз қызмет үшін шәйпұл берумен алғыс айта аласыз. Әрине, сіз мұны істеуге міндетті емессіз, бірақ жүрегіңізден шыққан ықылас дұрыс түсініледі және рахметпен қабылданады.

Өзбекстан кәдесыйлары
Өзбекстанда қолөнер кеңінен дамыған, көп қырлы және өзіндік ерекшеліктері бар: керамика, ағашқа жасалған ою-өрнек, гипс ою-өрнегі, чеканка, кілем тоқу, жібек және хан-атлас, тал шыбықтарынан тоқу, тері мен кептірілген асқабаққа сурет салу, алтын жіппен және мүйіздермен кестелеу, ұлттық киімдер (шапан, лозм - әйелдердің ұлттық трикосы) және аяқ киімдер (ұшы істік аяқ киімдер, мәсі - тері мен жүннен жасалған жұмсақ етік), тұрмыстық заттар (бесік, қалыңдықтың жасауына арналған жәшіктер, ыдыстар) және тағы басқа.
Кәдесыйларды базарларда, экскурсиялық нысандарды аралау кезінде, мамандандырылған дүкендерде және супермаркеттердің кәдесый бөлімдерінде, сондай-ақ кез келген қалада кездесетін кішігірім сауда дүкендерінде сатып алуға болады. Кәдесыйлардың көпшілігін елден шығарып әкетуге болады, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Мысалы, кілемдерді шығару шектелген – сатып алудан бұрын гидіңізден білуге болады. Басқа елдердегі сияқты антикварлық заттарды шығару тыйым салынған.

Байланыс және Интернет
Өзбекстанның халықаралық телефон коды: +998;
Өзбекстанның туристік SIM-картасын Ташкент және Бұхара халықаралық әуежайларында сатып алуға болады. Бұл үшін ақпараттық туристік үстел қызметкерлеріне жүгініп, Өзбекстанға келгенін растайтын паспортты көрсетуіңіз керек, тарифтік жоспарды таңдап, төлем жасауыңыз керек. Туристік SIM-карталарды Ташкенттің орталық теміржол вокзалында, мобильді операторлардың кеңселерінде, «International Hotel Tashkent» және «Саехат» қонақ үйлерінде сатып алуға болады. Басқа (туристік емес) SIM-карталарды шетелдік азаматтар тек мобильді операторлардың орталық кеңселерінен сатып ала алады.
Жергілікті ұялы байланыс арзан. Таулар мен шөлдерде байланыс үзілуі мүмкін. Қала неғұрлым үлкен болса, интернет соғұрлым жақсы болады. Қашықтағы ауылдарда интернет болмауы мүмкін. Көптеген қонақ үйлер өз аумақтарында тегін Wi-Fi ұсынады.

Өзбекстанның анықтамалық қызметтері
Ташкенттегі тәулік бойғы ақпараттық қызмет “Sitash” тел.: (+998 71) 120 09 09 (көп арналы)
https://www.sitash.uz
Ташкенттегі анықтамалық телефон қызметі "Yellow Pages" тел.: 1059
Өрт сөндіру қызметі — 101;
Полиция — 102;
Жедел жәрдем — 103;
Төтенше газ қызметі — 104;
Құтқару қызметі — 105;
Мемлекеттік кеден комитеті – 1108.
Сұрақ қою