Тайланд
Тайланд туристердің жүрегін өзінің қызмет көрсету деңгейімен, демалыс түрлерінің көптігімен, қолжетімді саудасымен, жарқын түнгі өмірімен және ең бастысы – мәңгі жаз және жылы теңізімен баурап алады.

Тайланд 1949 жылға дейін Сиам деп аталды. 1949 жылдың 11 мамырында елдің атауы ресми түрде Таиланд (Thailand, мұнда Thai – еркін, land – жер) деп өзгертілді.

Мұнда әркім өзіне лайықты нәрсе табады: мегаполистердің аласапыран өмірінен шаршағандар үшін ақ құмды жағажайларда демалыс, сүңгуірді сүйетіндер үшін жарқын су асты әлемі, ең талапшыл саяхатшыларды таңдандыратын көне сарайлар мен храмдар.

Тайландтың қай жеріне барсаңыз да – Пхукет, Ко Самуи, Ко Самет, Ко Чанг, Ко Пхи-Пхи, Ко Ланта, Хуа Хин, Паттайя болсын – мұндағы курорттар мен жағажайлар сіздің жұмақтағы демалыс туралы барлық үміттеріңізден асып түседі.

Таиланд жағажайларындағы алуан түрлі түстер, палмалар, мұнтаздай таза су, ақ құм – көзіңіздің жауын алады. Жағалауларда әлемге әйгілі қонақүйлер тізбегі орналасқан, олар қонақтарды тек жоғары қызмет көрсету деңгейімен ғана емес, сондай-ақ тамаша тағамдарымен, көңіл көтеру бағдарламаларымен және, әрине, көне массаж әдістері мен ароматерапияны қолданатын фирмалық спа-процедураларымен қуантады.

Шағын қашықтықтар арқасында Андаман теңізінде яхтамен немесе жылдам жүретін катермен аралдан аралға саяхаттап, жаңа маршруттарды зерттеу мүмкіндігі бар.

Пхи-Пхи аралына сапар шегіп бара жатқанда, әрине «Пляж» фильмі түсірілген жер екендігін ескеріп, өзіңізбен камера алып жүруді ұмытпаңыз – теңіздің көкжиегі мен ақ құм ешкімді бейжай қалдырмайды. Әрине, дәл осы жерде сүңгуірмен айналысу керек: әртүрлі өлшемдегі және түстегі балықтар мен кораллдар су асты пейзажының кішкене бөлігі ғана.

Самуи аралы қонақтарды тек табиғаттың сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ архитектуралық ескерткіштерімен де қуантады. Панга Нга шығанағы Джеймс Бонд аралы ретінде танымал, себебі дәл осы жерде әйгілі шпион туралы фильмдер топтамасының ішіндегі – «Алтын пистолеті бар адам» фильмі түсірілген.

Уақыт — UTC +7.

Ресми тіл — тай тілінде. Сонымен қатар қытай, ағылшын және малая тілдері қолданылады.

Ақша бірлігі – тай баты. Бір бат 100 сатангаға тең. Шетел валютасын енгізуге шектеу жоқ (10 мың АҚШ долларынан жоғары сома декларациялануы тиіс), ұлттық валютаны енгізу 2 мың батпен шектелген. Таиландта тек жергілікті валюта қабылданады.
Сұрақ қою