Марокко
Марокко – колоритты және өзіндік ерекшелігі бар ел. Марокко Атлант мұхиты мен Жерорта теңізіндегі жағажай демалысын, емдік-сауықтыру демалысын және бай экскурсиялық бағдарламасын біріктіреді. Елдің табиғаты таңғажайып және климаты адамдарға қолайлы. Жасыл шөптер, қызғылт сары шафран, ашық көк аспан, дәмдеуіштердің тәтті хош иістері, әлсіз шыққан музыканың дауысы – мұның бәрі сезімдерді оятып, жанды толқытып, жүректі ғажайыптардың болатынына сендіреді.

Мамырдан қарашаға дейін Марокко курорттарында күндізгі температурасы +26–29°C болатын жылы және жайлы ауа райы орнайды. Мұхит +22–24°C дейін жылынады.

Агадир курортында Атлантиканың жайлы климатынан және мұхитынан ләззат ала аласыз. Агадирдің кең жағажайлары, жоғары деңгейдегі қонақ үйлері және романтикалық серуендерге арналған жағалау жолы бар заманауи қала. Күндіз сіз күнге қыздырынып, мұхитта шомылып, гольф пен теннис ойнап, талассотерапиялық ғажайыптармен денеңізді қуанта аласыз! Кешке және түнде – Агадирдің көңілді түнгі клубтарында көңіл көтеріп, мароккандық лаунжда демалып, казиноға барып, мароккандық тағамдардың ерекшелігінен ләззат аласыз!


Марокко корольдігі және SPA – бір-бірінен ажырамайтын сөздер! Өйткені, ағзаны сауықтыру үшін қажеттінің бәрі Марокко аумағында орналасқан – тамаша климат, теңіз суы, балдырлар сығындысы және тек Мароккода өсетін ерекше арган ағашының жемісінен алынған жасартатын арган майы бар. Сізді Атлант мұхиты жағалауындағы ең жақсы талассотерапия орталықтарында сұлулық пен бақыт әлеміне енуге шақырамыз.

Марокко – түрлі-түсті мәдениеті мен әртүрлі табиғи аймақтары бар қызықты ел. Корольдік алуан түрлі түстерге, хош иістерге және дыбыстарға бай. Мароккодағы сиқырлық сезімі күнделікті нәрсе сияқты болып көрінеді. Сіз гнауа музыкасын (ең күшті транс музыка); қалалардың ежелгі бөліктерін, олардың хаумаларын (кварталдары), қазіргі заманғы технологиялық әлемнің әсері әлі жетпеген биік қабырғалармен қоршалған мединаларын; риадтар – мединалардың ішкі ауласында субұрқақтар мен бассейндер бар, антикварлық жиһаздармен, ыдыстармен және күміспен безендірілген таңғажайып ескі үйлерін; қызметтері тікелей қала көшелерінде қолжетімді сәуегейлер мен балгерлерін; Марракештегі Джема-эль-Фна алаңын, мұнда театр мен өмір бір-бірімен астасып жатыр, бұл сізді таңғалдырып, қуантады – мұнда акробаттар, жыланның сыбызғышыларын және шөптер, тістер, жануарлардың бөліктері және тұмарлар сияқты сенгісіз тауарлар сататын сатушыларын көре аласыз!.. Корольдіктің барлық байлығын «Империялық қалалар» экскурсиялық туры аясында сезінуге болады. Эссуэйра, Касабланка, Рабат, Мекнес, Фес, Марракешті аралап, сіз елдің көп қырлылығын сезінесіз және ол сізге барлық құпияларын ашатын қорапша сияқты ашылады. Кеңес береміз!
Сұрақ қою