1.1. Осы «Жеке деректерді өңдеу және қорғау ережелері» (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және олардың қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-II «Қазақстан Республикасындағы Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1.2. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және олардың қорғалуы туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының жеке деректерді өңдеу және қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңымен және басқа нормативтік құқықтық актілермен құрылады.
1.3. Аталмыш ережеде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және олардың қорғалуы туралы» Заңына және 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-II «Қазақстан Республикасындағы Туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес ұғымдар мен шартты белгілер пайдаланылады.
1.4. «Тревел Люкс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «Серіктестік», «Оператор») жеке деректерді қойған мақсаттарға жету үшін заңды және әділ негізде өңдейді, соның ішінде жеке деректердің иелеріне (әрі қарай – «Турист») және/немесе Туристік агенттерге (әрі қарай – «Турагент») қызмет көрсету және ақпарат жеткізу үшін мақсатында қолданады.
1.5. Оператор жеке деректерді тікелей Туристерден және/немесе Турагенттерден алады.
1.6. Оператор жеке деректерді автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілдермен, есептеу техникаларын қолдана отырып және мұндай техникаларды қолданбай өңдейді.
1.7. Оператордың жеке деректерді өңдеу әрекеттері деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, тұлғасыздандыру, блоктау және жоюды қамтиды.
1.8. Оператор жеке деректерді жинау мен өңдеуді және олардың қауіпсіздігін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және олардың қорғалуы туралы» Заңына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
1.9. Жеке деректерді қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар Оператордың ақпаратты қорғау саласындағы ішкі құжаттарымен реттеледі.
1.10. Аталмыш Ереже Оператордың ресми сайтында,
https://www.travelluxe.kz мекенжайында жарияланған, бұл оған шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
1.11. Жеке деректердің сақталу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қарастырылмаса, олардың жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу күнімен анықталады.
1.12. Оператор қандай жағдай болмасын жеке тұлғаны растайтын құжаттардың қағаз нұсқаларын жинап және/немесе өңдей алмайды, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа.
1.13. Жеке деректер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне, ақпаратты қорғау саласындағы реттеуші органдардың нормативтік-регламенттік актілеріне және Оператордың құқықтық актілеріне сәйкес рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалады.
1.14. Жеке деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген принциптер мен ережелерді сақтай отырып жүргізілуі тиіс.
1.9. Жеке деректер мына мақсаттар үшін пайдаланылмайды:
- азаматтарға мүліктік және моральдық зиян келтіру;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қиындату;
Қазақстан Республикасының азаматтарының әлеуметтік шығу тегі, нәсілі, ұлты, тілі, діні және партиялық тиістілігі туралы ақпаратты пайдалану негізінде құқықтарын шектеу заңмен тыйым салынады және жауапкершілікке тартылады.
1.10. Бұл Ереже және оған енгізілген өзгерістер ЖШС Бас директорының бұйрығымен бекітіледі; жеке деректерге қол жеткізетін барлық қызметкерлер үшін орындауға міндетті. ЖШС барлық қызметкерлері бұл Ережемен және оған енгізілген өзгерістермен қол қойып таныстырылуы тиіс.