Агенттіктерге
Агенттіктерге
Бізбен жұмыс істеуді қалай бастауға болады?
Турларды брондау мүмкіндігін алу үшін сізге мыналарды жасау қажет
Жүйеде тіркелу

Сіздің агенттіктің толық атауын, пошталық мекен-жайын, байланыс телефондарын және электрондық поштаңызды, байланыс тұлғасын көрсету арқылы тіркеуден өтіңіз.

Келісім-шартқа отыру

Мұны үш қарапайым жолмен жасауға болады:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдалана отырып, ЭДО платформасында келісім-шартқа қол қою.
  2. Сондай-ақ электронды қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдалана отырып, idocs жүйесінде келісім-шартқа қол қоюға болады.
  3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланғыңыз келмейді ме? Келісім-шарт формасын жүктеп алып, екі данаға қол қойып, мөр басыңыз. Содан кейін екі көшірмені Travel Luxe кеңсесіне жіберуіңізге болады.
Брондау

Дайын!

Енді сіз Travel Luxe серіктесісіз және сүйікті туристеріңізге сұраныстарын брондай аласыз.

Келісім-шартқа қол қою үшін керекті құжаттар
  • 1
    Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы
    Көшірме
  • 2
    Басшының тағайындалғандығы туралы бұйрық және оның жеке куәлігі немесе уәкілетті тұлғаға берілген сенімхат және оның жеке куәлігі
    Көшірме
  • 3
    Жарғы
    Бірінші және соңғы беттердің көшірмесі
  • 4
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен, Туризм индустриясы комитетінен туристік агенттіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қызмет түрін растайтын анықтама
    Немесе қызмет түрін көрсететін EGOV сертификаты
Маңызды құжаттар
Ақшалай қаражатты қайтару
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ақшаны қайтару үшін компанияның бухгалтериясына қайтару керек соманы теңгеде көрсетіп және алушының деректемелерін көрсете отырып, қайтару хатының түпнұсқасын ұсыну қажет.

Компанияның кассасы арқылы төленген ақшаны қайтару үшін, курьер сенімхат пен төлқұжатты, қайтару туралы өтініштің түпнұсқасын және чекті көрсетуі керек.

Бір турдан екінші турға ақша аудару үшін, тапсырысыңызды қадағалайтын тиісті бағыттағы менеджердің атына факс немесе электрондық пошта арқылы хат жіберу жеткілікті.
Қызметтер үшін төлем жасау
Біздің клиенттердің ыңғайлылығы-Travel Luxe компаниясының маңызды басымдықтарының бірі. Біз өз клиенттерімізге брондалған билеттерді төлеу бойынша ең заманауи және қауіпсіз қызметтерді ұсыну үшін бар күшімізді саламыз.

Жолдамаларыңызды төлеу үшін сіз келесі мүмкіндіктерді пайдалана аласыз
Төлем шарттары мен бағамы туралы барлық ақпаратты сіздің өтінішіңізді қабылдаған кураторыңыздан тексере аласыз.
Сұрақ қою