Сауд Арабиясы
Сауд Арабия патшалығы – Таяу Шығыстағы ең үлкен ел және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері арасында халық саны бойынша төртінші орындағы ел. 2020 жылға қарай Сауд Арабиясының халқы 35 миллион адамды құрады. Сауд Арабия халқының 80%-ы он ірі қаласы болған – Эр-Рияд, Джидда, Мекке, Медине, Хуфуф, Таиф, Хубар, Янбу, Дахран, Даммамда тұрады. Елдің тұрғындарының бір бөлігі – иммигранттар, оның ішінде Батыстан, Үндістаннан және Азиядан келгендер. Олар Эр-Рияд, Джидда, Янбу және Дахран қалаларында тұрады. Сауд Арабиясы бұрынғыша провинциялар деп аталатын 13 әкімшілік аймаққа бөлінген, әрқайсысының өзіндік дәстүрлері мен мәдениеті бар. Бұл аймақтар: Мекке, Эр-Рияд, Шығыс провинциясы, Асир, Джизан, Медина, Эль-Касим, Табук, Хаиль, Наджран, Эль-Джауф, Эль-Баха және Солтүстік Сауд Арабиясындағы аймақ.

Мемлекеттік дін – ислам. Сауд Арабиясын «қасиетті екі қала» деп атайды, өйткені мұнда исламның екі басты 2 қасиетті қаласы – Мекке мен Медина орналасқан. Жыл сайын ел миллиондған мұсылмандарды қажылық жасау үшін тартады. Мекке мен Медина қалаларына мұсылман емес адамдардың кіруі тыйым салынған. 2019 жылдың қыркүйегінде Сауд Арабиясы әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қабылдай бастады. Бұл тарихи оқиға Корольдіктің экономиканы әртараптандыруға арналған «Көрініс - 2030» бағдарламасының жүзеге асырылуындағы басты кезең болып табылады. Бағдарлама елді халықаралық деңгейге шығарып, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға және Корольдіктің болашағын қамтамасыз етуге бағытталған.

Танымал туристік орындар
  • Эр-Рияд — патшалықтың астанасы, мұнда жақсы сақталған Масмак бекінісі орналасқан;
  • Мекке —мұсылмандардың қасиетті орны, оған тек мұсылмандар ғана кіре алады;
  • Джидда — портты қала, сәнді атмосферасы және әдемі архитектурасымен танымал;
  • Аль-Ула — Набатейлік патшалықтың көне қаласы. Желтоқсаннан ақпанға дейін мұнда «Тантордағы қыс» фестивалі өтеді, ол музыка әлемін, мәдениетті және гастрономияны біріктіретін фестиваль;
  • Эль-Хаса оазисі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген;
  • Араб шығанағының жағалауында орналасқан Даммам қаласы.

Ел туралы ақпарат
Сауд Арабиясының мұрасы мен дәстүрлері оның сауда орталығы және Исламның туған жері ретіндегі тарихи рөлі арқасында қалыптасты. Көп ғасырлық әдет-ғұрыптар қазіргі заманмен қатар жүреді, сондай-ақ ағылшын тілі араб тілін толықтырады. Араб тілі – патшалықтың ресми тілі, бірақ ағылшын тілі де кең тараған және оны көптеген тұрғындар біледі, ал қоғамдық ақпараттың көп бөлігі, мысалы, жол белгілері екі тілде ұсынылған.
Тілі
Сауд Арабиясының мемлекеттік тілі – араб тілі. Бірақ елдің үлкен бөлігі ағылшын тілінде де сөйлейді, тіпті жол белгілері араб және ағылшын тілдерінде ақпарат береді. Бұл ел ішінде саяхаттауға қолайлық туғызады.

Киім кию ережелері
Сауд Арабиясында туристер киім кию ережелерін сақтауы қажет. Қам жемеңіздер, ережелер қолайсыздық тудырмайды. Негізгі ереже – сыпайы киіну, мейлінше жабық және деге жабысып тұрмаған киімдер кию. Киім кию ережелері әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Демократиялық Джиддада жергілікті әйел тұрғындардың өздері де әрдайым басын жаппай жүреді. Бірақ мұны туристерге де жасау ұсынылмайды. Ал консервативті провинцияларда, басыңызды жапқаныңыз дұрыс болады.

Валютасы
Корольдіктің ұлттық валютасы – сауд риалы (SAR). 1 риалда 100 халал бар. 1 SAR ~ 113,491 теңгеге тең. Сауд Арабиясына доллар немесе еуро әкелуге болады. Олардың бағамы бірдей. Валютаны әуежайларда, банктерде, кейбір сауда орталықтарында және валюта айырбастау автоматтарында ауыстыруға болады.

Сауд Арабиясы – адамдарға шабыт беретін ел!
Сауд Арабиясымен бірге өзіңізге құпиялы көне жерлерді, әдемі табиғат ландшафттарын, мейірімді теңізді, мінсіз қызметті және ұмытылмас әсерлерді ашыңыз.
Сұрақ қою